Алматыда Конституцияның жаңа жобасын қолдауға арналған мерекелік концерт өтті

16.02.2026 21:34

Алматыда Конституцияның жаңа жобасын қолдауға арналған мерекелік концерт өтті. Іс-шара Алатау дәстүрлі өнер театрының бастауымен қаладағы ірі сауда, ойын-сауық орталығында ұйымдастырылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Кеш бағдарламасында шығармашылық ұжымдар өнер көрсетіп, қоғам және жастар ұйымдарының өкілдері Ата Заңға енгізілген өзгерістер жайлы сөз сөйледі. Ұйымдастырушылардың айтуынша, ел тарихындағы айтулы сәтте қоғамдық диалогты нығайту маңызды.

«Жаңа Ата Заңымызды қабылдауға байланысты көптеген жұмыстар атқарылып жатыр. Осы негізде 12 ақпанда «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның Конституциясы үшін» деген атпен республикада коалиция құрылды. Алматы қаласында халыққа түсіндіру жұмыстары кең ауқымда басталып кетті», – деді  жалпыұлттық коалицияның мүшесі Дидар Ділдәбек.

«Біз қазір тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Тек қоғамдық орындардағы халықпен емес, еңбек ұжымдарымен кездестік. Бүгін сауда ойын-сауық орталығына демалуға келген халықпен жолығып, референдумға қатысудың маңызы жайлы айтып жатырмыз», – деді қалалық мәслихат депутаты Серік Есматов.

Оқи отырыңыз: Алматыда қалалық коалиция мүшелері мемлекеттік мұрағат қызметкерлерімен кездесті