Алматыда референдум учаскесінің алдында Абайдың «Көзімнің қарасы» әні орындалды

Almaty.tv
Almaty.tv
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда республикалық референдум күні №545 референдум учаскесінің алдында «Алатау» дәстүрлі өнер театрының артистері өнер көрсетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Сахнаға ұлттық киім киіп шыққан артистер тұрғындарға Абай Құнанбайұлының әйгілі «Көзімнің қарасы» әнін орындады. Бұл музыкалық қойылым дауыс беру күніне арналған мәдени бағдарламаның бір бөлігіне айналып, учаскеге келген тұрғындардың назарын аударды.

Өнер көрсету барысында көпшілік тоқтап, әнді тыңдап, өнерпаздарды қол шапалақтап қолдады. Кейбір көрермендер естелік суретке де түсті.

Осындай шығармашылық бағдарламалар референдумға ерекше сән беріп, алматылықтар үшін жылы әрі достық атмосфера қалыптастыруға ықпал етті.

Оқи отырыңыз: Қазақстанның Халық жазушысы Жүрсін Ерман үйінде дауыс берді

Новости партнеров