Перзентханадағы мамандардың айтуынша, түске дейін 9 нәресте өмірге келген
Маңғыстауда «Атазаң» атты сәби дүниеге келді. Мұнайлылық жас отбасы ел тарихындағы маңызды референдум күні туған сәбиіне осындай ерекше есім берген, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Келіншек мұндай қуанышты бүгінгі айтулы күнмен байланыстырып, баласын «Атазаң» деп атауды жөн көріпті. Жаңа босанған ананың өзі де саяси науқаннан шет қалмай дауыс берді. Дәрігерлер ана мен баланың жағдайы жақсы екенін айтты. Нәрестенің салмағы 4 келі 170 грамм, бойы 57 сантиметр. Перзентханадағы мамандардың айтуынша, түске дейін 9 нәресте өмірге келген.
«Ана мен бала орталығында 5 күн жаттым. Ойламаған жерде 2 сағатта босандырып алды.Есімін Атазаң қойдық. Үйдегілердің бәрі қолдады», – деді жас ана Айнұр Мұхтарова.
Оқи отырыңыз: Алматыда тіркеуі жоқ тұрғындар да референдумда таңдау жасай алады