Өңірде 276 дауыс беру учаскесі бар
Референдум қарсаңында Атырауда екі бірдей үшем дүниеге келді. Қазір аналар мен бөбектердің жағдайлары жақсы. Перинаталдық орталықта орналасқан №22 жабық референдум учаскесінде үшемдердің аналары да дауыс беріп, өз таңдауын жасады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Соның бірі – Гүлшат Аханова. Ол үш қызды болып, көпбалалы ана атанды. Референдум қарсаңында дүниеге келген тағы бір үшемнің анасы – Айдана Ерғалиева. Келіншек маңдайы торсықтай үш ұлды дүниеге әкелді.
Айта кетейік, Атырау өңірінде 276 дауыс беру учаскесі бар. 416 мыңнан астам азамат дауыс беру құқығына ие. Оның ішінде мүмкіндігі шектеулі 4600-ден аса азамат бар. Оларға учаскелерде қажетті жағдайлар жасалған, 137 инватакси және 27 сурдоаудармашы қызмет көрсетіп жатыр.
«Үйде 3 қызым бар. Референдум қарсаңында тағы да үш қызды дүниеге әкелдім. Алла бұйырса, есімдерін Нұриля, Сабира, Хадия деп қоямыз деп отбасымызбен алдын ала ойластырдық. Осы референдум қарсаңында босандым. Балаларымның болашағы үшін бәріміз дауыс беруге міндеттіміз деп ойлаймын», — деді үшемнің анасы Гүлшат Аханова.
Оқи отырыңыз: Спортшылар да жалпыхалықтық дауыс беруге белсенді қатысып жатыр