Оның құрамына мегаполистегі қоғамдық саяси институттарының 200 өкілі енген
Алматыда «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін!» қалалық коалициясы құрылып, алғашқы жиыны өтті, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Оның құрамына мегаполистегі қоғамдық саяси институттарының 200 өкілі енген. Яғни, мәслихат депутаттары, саяси партия мен қоғамдық кеңес мүшелері, зиялы қауым, ғылыми-сарапшылар тартылды. Олар басқосуда азаматтық қоғамды дамыту және заңнамалық бастамаларды ілгерілету бағытындағы өз міндетін талқылады. Құрамға енген жандар қаладағы әр аудан халқымен жүздесіп, Конституциялық реформа аясындағы құқықтық нормаларды түсіндіретін болады. Коалиция мүшелерінің сөзінше, бұл елдегі демократиялық процестерді күшейтіп, құқық қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам.
«Атқарылатын жұмыстардың барлығы дерлік осы халыққа түсінікті болатын, әрбір жұмыс орындарында ашық пікір алмасулар, бір толқында секілді жобалар,референдумды, жаңадан қабылданайын заң жобаларын талқылауға байланысты әртүрлі форматтағы шаралар ұйымдастырылады», – деді қалалық қоғамдық кеңесінің мүшесі Дидарбек Ділдәбек.
Оқи отырыңыз: Алматыда КИСИ GPS алаңында жаңа Конституцияның құндылықтық бағдарлалары талқыланды