Референдумға дейін:
9
күн
20
сағат
24
минут

Дін мен мемлекеттің ара-жігін ажырату өте маңызды - сарапшылар

Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Дін мен мемлекеттің ара-жігін ажырату өте маңызды». Жаңа Конституция жобасындағы қағидатты сарапшылар қолдайды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Дінтанушылардың айтуынша,  Ата Заң арқылы нақты белгілеу - діни сенімдегі азаматтардың құқығын шектеу емес, керісінше, оларға мемлекет тарапынан тең дәрежеде қарау дегенді білдіреді. 

«Кейбір кісілер деструктивті діни ағым дейміз, кейбір бейхабар кісілер дін мен мемлекет бөлек екенін білмейді. Кейде мемлекеттік органдарда, зайырлы білім беру мекемелерінде дінге насихат жүргізеді. Бұл деструктивті діни ағымдардың саясиландыруы дінді төмендетеді деп ойлаймын», – деді дінтанушы әл-Фараби Болатжан.

Саясаттанушы Нұрболат Нышанбаевтың сөзінше, әлемде дін мен саясаттың араласуы түрлі мәселелерге әкелетінін көрсетіп отыр. Ал Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері зайырлы бағытты нақты ұстанып келеді. Сәйкесінше, бұл қоғамдағы үйлесім мен тұрақтылықтың негізін қалыптастырады. 

«Мемлекеттің зайырлы ұстанымы ол қоғамда түрлі дін өкілдерін, ұлт пен ұлыс өкілдерін ортақ мемлекеттік идеясында өмір сүруге ықпал жасайды. Екіншіден, тәуелсіздік алған жылдан бастап қалыптасып келе жатқан түрлі ұлт пен ұлыс, дін өкілдері тұратын елімізде ортақ құндылық гармонияның негізі болады», – деді саясаттанушы Нұрболат Нышанбаев.

 Оқи отырыңыз: Егемендіктің бірден-бір иесі – Қазақстан халқы - депутат

Новости партнеров