«Елдегі биліктің қайнар көзі де, егемендіктің бірден-бір иесі де – Қазақстан халқы». Бұл қағида Конституцияның жаңартылған тұжырымдамасында нақты әрі айқын көрініс тапты. Мәжіліс депутаттарының айтуынша, аталған норма бүкіл құжаттың негізгі мәні мен рухын айқындайды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.
Елдегі барлық саяси реформалардың түпкі мақсаты – халық мүддесіне қызмет ету. Сондай-ақ қолданыстағы Конституцияда жер және оның қойнауы, жер үсті байлығы мемлекет меншігінде деп көрсетілген еді. Ал жаңа редакцияда табиғи ресурстардың иесі ретінде Қазақстан халқы деп нақты атап көрсетілді. Депутаттардың пікірінше, бұл өзгеріс ел байлығының шынайы иесі халық екенін конституциялық деңгейде бекітіп, мемлекет қызметінің халық алдындағы жауапкершілігін арттыра түседі.
«Бұл жолғы Конституцияда су көздері, қазба байлық, жер асты-үсті байлығы, өсімдік қорының иесі – Қазақстан халқы. Оны тек халықтың атынан жүзеге асырушы –мемлекет. Мемлекет менеджер ретінде жұмыс істейді, бірақ негізгі иесі Қазақстан халқы екені жазылып отыр. Меніңше, бұл – демократиялық үлкен маңызды қадам», – деді ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Нартай Сәрсенғалиев.
Оқи отырыңыз: Жамбыл облысында референдумға қатысты жиын ұйымдастырылды