Қоғамдық кеңестер жаңа Конституция жобасын қолдады

18.02.2026 19:20
Фото видеодан алынды

Астанада Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі жанындағы Қоғамдық кеңестер үйлестіру орталығының отырысы өтті, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Жиынға Үйлестіру орталығының мүшелері, республикалық және өңірлік деңгейдегі қоғамдық кеңестер төрағалары, сондай-ақ уәкілетті мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.
Отырыс барысында жаңа Конституция жобасы талқыланды. Мемлекеттік саясатты қалыптастыруда азаматтардың қатысу белсенділігін арттыру мәселесіне ерекше назар аударылды. Қатысушылар Ата заң жобасын қолдай отырып, мемлекеттік басқару жүйесінде азаматтық қоғам институттарының рөлін күшейту, сондай-ақ қоғамдық кеңестер қызметінің тиімділігін арттыру жөніндегі шараларды қарастырды.

Оқи отырыңыз: Заң және тәртіп: Конституция жобасындағы бастама - елдегі құқық үстемдігін арттыруға жасалған қадам