Алматының Бостандық ауданында жастармен кездесу өтті, деп хабарлайды Аlmaty.tv
Жиынның басты мақсаты - жаңа Конституция жобасының бағыттарын түсіндіру және құқықтық реформалардың мәнін айқындау. Іс-шараға қоғам қайраткерлері, заң саласының өкілдері мен студенттер қатысты. Кездесуде білім алушы жастар спикерлерге түрлі сауал қойып, толғандырған сұрақтарына жауап алды.
«Ата заңымызға өзгерістер енгізіп, 84 пайыз өзгертілді. Осыған орай 130-ға тарта қазақтың азаматтары, оның ішінде түрлі мамандар, заңгерлер, мұғалімдер, құрылысшылар, қазаққа жаны ашитын азаматтар бірнеше ай бойы жұмыс жасады», – деді ҚР Халық әртісі Алтынбек Қоразбаев.
«Ұсынылып отырған жаңа Конституцияның жобасының мақсаты – әділ қоғам құру. Адам және оның құқықтары мемлекеттің ең жоғары құндылығы ретінде нақты анықталады. Бұл ата-бабамыз аманат еткен әділдік ұстанымының қазіргі құқықтық көрінісі болып табылады», – деді «Amanat» партиясы Бостандық аудандық филиалының төрағасы Тынышқали Сәбен.
Оқи отырыңыз: Маңғыстаулық мұнайшыларға жаңа Конституция жобасы түсіндірілді