Депутаттардың өңірлердегі еңбек адамдарымен кездесуі жалғасып жатыр. Бүгін сенаторлар Марат Қожаев пен Жанна Асанова Алматыдағы терезе шығаратын кәсіпорынның ұжымымен жүздесті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Олар өндіріс орнының қызметкерлеріне жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін түсіндіріп, ел дамуын айқындайтын стратегиялық құжат екенін атап өтті. Жиын соңында зауыт жұмысшылары депутаттарға тақырып аясында сұрақтарын қойып, жауап алды.
«Алдымызда келе жатқан референдум алдында біздің мақсат – Конституцияға енген өзгерістерді түсіндіру. Қазақстан халқы әр жерде, әр салада жұмыс істейді. Сондықтан зауыт жұмысшыларымен кездесіп, түсіндіруге келдік», – деді ҚР Парламенті Сенатының депутаты Жанна Асанова.
Оқи отырыңыз: ҚСЗИ-де жас сарапшылар жаңа Конституция жобасының негізгі жаңашылдықтарын талқылады