Лаки Кесоглу: Мен референдумға міндетті түрде барамын

05.03.2026 13:17
Фото: пресс-служба РСК Алматы

Қазақстан Республикасының халық әртісі, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры Лаки Кесоглу 15 наурызда өтетін референдумды қолдап сөз сөйледі, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ол дауыс беруге қатысуды әр адамның азаматтық борышы деп отыр.

«15 наурызда еліміз жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі референдумға қатысады. Қазақстан Республикасының заңға бағынатын азаматы ретінде мен міндетті түрде дауыс беруге барамын. Жаңа Конституция біздің өміріміздің көптеген қырын, соның ішінде мемлекеттің егемендігін де қамтиды. Жеке өзімді бұл құжатта өнердің маңызына, оның бастауларын сақтауға және қазіргі қоғамдағы рөліне ерекше көңіл бөлінгені қуантады. Мен бұл түзетулерді дұрыс деп санаймын. Баршаңызды сайлау учаскелеріне келіп,  таңдау жасауға шақырамын сол күні», — дейді Лаки Кесоглу.

Өнер иесі мәдениет пен өнер әрқашан ұлттық бірегейліктің ажырамас бөлігі болып келгенін атап өтті. Олардың маңызын негізгі заң деңгейінде бекіту мемлекеттің қоғамның рухани дамуына көңіл бөліп жатқанын көрсетеді.

Профессордың пікірінше, референдумға қатысып, әр азамат елдің болашағына, оның әрі қарай дамуына үлес қосады екен. 

Оқи отырыңыз: Әлібек Дінішев халыққа үндеу жасады