Азаматтарды мекемеге жеткізу сот қаулысы шыққаннан кейін жүзеге асырылады
Алматы қаласында сот шешімімен әкімшілік қамауға алынған адамдарға арналған қабылдау-тарату мекемесі жұмыс істейді. Аталған мекемеге әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, сотпен қамау жазасы тағайындалған азаматтар жеткізіледі, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Полицияның мәліметінше, мұнда көлік құралын мас күйінде басқарған, ұсақ бұзақылық жасаған, қоғамдық тәртіпті бұзған және сот әкімшілік қамау жазасын белгілеген өзге де құқыққа қарсы әрекеттерге жол берген тұлғалар орналастырылады.
Азаматтарды мекемеге жеткізу сот қаулысы шыққаннан кейін жүзеге асырылады.
Қабылдау кезінде тіркеу рәсімі жүргізіліп, медициналық тексеру ұйымдастырылады. Бұдан соң қамауға алынғандар қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес орналастырылады.
Оқи отырыңыз: Алматы әкімі Дархан Сатыбалды тұрғындарды Алғыс айту күнімен құттықтады