Референдум ел азаматтарында саяси серпіліс барын аңғартты - депутат

16.03.2026 20:43

жаңа Ата Заң қабылданса, ол ресми түрде 1 шілдеден бастап күшіне енеді

«Референдум ел азаматтарында саяси серпіліс барын аңғартты». Мәжіліс депутаты Үнзила Шапақ кешегі дауыс беруден кейінгі ойын айтты.Халық қалаулысы жаңа Конституция қабылданғаннан кейін Қазақстанда барлық негізгі норманың құқықтық жүйеге енгізілетінін де жеткізді, деп хабарлайды Almaty.tv.

 Айта кетейік, жаңа Ата Заң қабылданса, ол ресми түрде 1 шілдеден бастап күшіне енеді.

«Біздің жаңа қалып, мойындап жүрген ұлттық құндылықтардың барлығы Конституцияның ішінде көрініс тапты. Екіншіден, биліктің басқару институттары теңгерімдік модельге енді. Мысалы айтайықшы, Жоғарғы соттың төрағасы Бас прокурор бір-ақ рет тағайындалады. Содан кейін бір реттен екінші ретке отырмайды. Бұл жерде оянған саяси сана одан да мықты қалыптасатын болады. Біз енді осының куәсі боламыз», - деді ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Үнзила Шапақ.

Оқи отырыңыз: Республикалық референдум халықаралық стандарттарға сай өтті