Референдумда мақұлданған жағдайда, Конституция қабылданған күн мемлекеттік мереке болады

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Республикалық референдумда қабылданған ҚР Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енеді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанда жаңа Конституция жобасы жарияланды. Құжатта Ата Заң республикалық референдумда қабылданған жағдайда, оның қабылданған күні мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні болып белгіленетіні көрсетілген, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Конституция жобасының XI бөліміндегі «Қорытынды және өтпелі ережелер» атты 94-бабына сәйкес, республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енеді. Осы күннен бастап бұған дейін қолданыста болған Конституцияның күші жойылады.

"Республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енеді, бұған дейін қабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясының қолданысы сол мезгілден бастап тоқтатылады", - делінген 94-баптың 1-тармағында.

Сондай-ақ құжатта референдумда Конституция қабылданған күн мемлекеттік мереке ретінде жарияланатыны нақты жазылған.

"Республикалық референдумда Конституция қабылданған күн мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні деп жарияланады", - делінген 94-баптың 2-тармағында.

Еске салайық, 11 ақпанда Мемлекет басшысы 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойған болатын. Ал 12 ақпанда жаңа Конституцияның толық мәтіні ресми түрде жарияланды.

Осылайша, жалпыхалықтық референдум нәтижесінде қабылданған жаңа Ата Заң елдің құқықтық жүйесінде жаңа кезеңнің басталуына негіз болмақ.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда жаңа Конституцияның жобасы жарияланды

Новости партнеров