Референдумға дайындық: Бас прокуратура азаматтарды заңды сақтауға шақырды
Аlmaty.tv
Құқықтық талаптарды бұзу кінәлі тұлғалардың әкімшілік жауаптылыққа тартылуына әкеп соғады
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы азаматтарды 2026 жылғы республикалық референдумға қатысты заң талаптарын қатаң сақтау керектігі туралы ескертті, деп хабарлайды Almaty.tv.
ҚР Бас прокурорының орынбасары Е. Өтегенов атап өткендей:
- 15 наурыз 2026 жылы «Жобасы бұқаралық ақпарат құралдарында 12 ақпанда жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба?» деген сауал бойынша республикалық референдум өтеді.
- Референдумға байланысты үгіт жұмыстары 14 наурыз сағат 00:00-де аяқталады. Сол күннен бастап және 15 наурызда үгіт-насихат жүргізуге, яғни азаматтарды дауыс беруге ықпал етуге тыйым салынады.
- Бұқаралық ақпарат құралдарында, онлайн-платформаларда референдумға болжам жасау, қоғамдық пікірге сауал жариялау мүмкін емес.
- Дауыс беру күні үй-жайларда немесе дауыс беру пункттерінде қоғамдық пікірге сауал жүргізуге жол жоқ.
Аталған құқықтық талаптарды бұзу кінәлі тұлғалардың әкімшілік жауаптылыққа тартылуына әкеп соғады.
Заңбұзушылық салдары:
- 14-15 наурызда үгіт жүргізген тұлғаларға ҚРң Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 102-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.
- Қоғамдық пікірге сауал жариялаған немесе дауыс беру учаскелерінде өткізгендер ӘҚБтК-нің 120-бабының 2-бөлігі бойынша жауапқа тартылады.
Бас прокуратура азаматтарды заң талаптарын сақтауға және құқыққа қайшы әрекеттерге жол бермеуге шақырды.
Оқи отырыңыз: Ішкі істер министрлігі азаматтарға үндеу жасады
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қыркүйекте қазақстандықтар қанша күн демалады
02.09.2026 12:09
Алматыда 31 тамыз-6 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болады
03.09.2026 09:07
3 қыркүйекке арналған валюта бағамы
03.09.2026 09:18
Баланың сабаққа зейінін арттыратын тағамдар аталды
02.09.2026 11:38