Референдумға дейін:
22
күн
4
сағат
27
минут

Сәбен Тынышқали: Конституция – мемлекеттің жүрегі, халықтың үні, ұлттың ортақ келісімі

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда спорт қауымдастығы өкілдерінің қатысуымен жаңа Конституция жобасы талқыланды, деп хабарлайды Аlmaty.tv

Дөңгелек үстелге шаһардағы дзюдо, күрес, таэквондо, ауыр атлетика сияқты федерация өкілдері қатысты. Спорт саласының мамандары салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелеріне тоқталып, Ата Заңға енетін өзгерістердің қоғам дамуына оң әсер етерін алға тартты.

«Конституция – жай ғана заңдар жинағы емес, мемлекеттің жүрегі, халықтың үні, ұлттың ортақ келісімі. Ол әр азаматтың құқығы мен еркіндігінің, әділдік пен теңдігінің кепілі болып есептеледі. Сондықтан мен сіздерді Қазақстанның жаңа Конституция жобасын қолдауға шақырамын. Бұл – біздің жарқын болашағымыз үшін жазылған жаңа Конституция нұсқасы», – деді AMANAT партиясы бостандық ауданы филиалының төрағасы Сәбен Тынышқали.

Оқи отырыңыз: Әулиекөлде конституциялық құндылықтар мен әлеуметтік басымдықтар туралы кездесу өтті 

Новости партнеров