Таразда ардагерлер ансамблі дауыс берушілерді жырмен қарсы алды

15.03.2026 16:46

Жамбыл облысында 513 референдум учаскесі бар

Еліміздің әр өңірінде референдум учаскелеріндегі көңіл-күй көтеріңкі. Тұрғындар таңсәріден дауыс беру орындарына келіп, өз таңдауын жасап жатыр. Таразда ардагер ұстаздар ұлттық киім киіп, музыкалық аспабын алып учаскелерде жүр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Ардагерлер ансамбльі таңнан бері 10 шақты учаскені аралаған. Осылайша дауыс беруге келген жұрттың көңілін көтермек ниетте. Жамбыл облысында 513 референдум учаскесі бар. Аймақта науқанға қатысуға құқылы тұрғын саны 722 мыңға жуықтайды.

«Бүгін – әр азамат үшін өте маңызды күн. Себебі ол – азаматтың еліміздің жастарымыздың болашағы.», – деді ¤ардагер ұстаз Баймұрат Жақсыбеков.

Оқи отырыңыз: Шымкентте референдум қалай өтіп жатыр

 

 

Теги: Тараз