Муралдың ашылуы 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай ұйымдастырылды
Түркістан облысына қарасты Сарыағаш қаласындағы Әйтеке би көшесі бойындағы тұрғын үйдің қасбетіне салынған көркем сурет қоғамдық бастаманың жарқын үлгісіне айналды. деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі referendum2026.kz-ке сілтеме жасап.
Муралдың ашылуы 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай ұйымдастырылды.
Жұмыстың басты идеясы – жаңа Конституцияның мәнін қарапайым әрі түсінікті түрде түсіндіру, азаматтық бірлік сезімін нығайту және ұлттық құндылықтарды еске салу.
Жаңа Конституция – еліміздің өміріндегі маңызды кезең. Ол мемлекеттік басқаруды жетілдіруге, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сенімді қорғауға, сондай-ақ қоғам мен мемлекет арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.
Жаңа мурал қаланы одан әрі көріктендіріп, тұрғындар мен қонақтар үшін танымал фотолокацияға айналды.
Оқи отырыңыз: Алматыда кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігіне бақылау күшейтілді