Референдумға дейін:
12
күн
12
сағат
42
минут

Алматыда кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігіне бақылау күшейтілді

polisia.kz
polisia.kz

Қалада "Жасөспірім" жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қалада кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігіне бақылау күшейтілді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Алматы қаласында криминогендік ахуалды сауықтыруға, кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алуға, сондай-ақ жасөспірімдер ортасындағы қараусыздық пен әлеуметтік қолайсыздық фактілерін анықтауға бағытталған "Жасөспірім" жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды.

Іс-шараны Алматы қаласы полиция департаментінің ювеналдық полиция қызметкерлері учаскелік инспекторлармен, білім беру ұйымдарының өкілдерімен және мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп өткізуде.

Негізгі назар жасөспірімдер қылмысының алдын алуға, заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта үйден тыс жүрген кәмелетке толмағандарды анықтауға, сондай-ақ оларды құқыққа қарсы әрекеттерге тарту деректерінің жолын кесуге аударылған.

Полиция қызметкерлері жастар шоғырланатын орындарды, компьютерлік клубтарды, аулаларды, сауда-ойын-сауық орталықтарын және өзге де қоғамдық кеңістіктерді тексеруде.

– Біздің басты міндетіміз – құқықбұзушылықтардың алдын алу және жасөспірімдердің өздерін қорғау. Қиын өмірлік жағдайға тап болған балаларды дер кезінде анықтап, ата-аналармен және мемлекеттік органдармен бірлесіп тиісті көмек көрсету маңызды, – деді Алматы қаласы полиция департаменті қоғамдық қауіпсіздік басқармасының ювеналдық полиция бөлімінің бастығы Жанна Шонжанова.

Іс-шара барысында ата-аналардың балаларын тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілігіне де ерекше назар аударылады. Сонымен қатар білім беру ұйымдарында профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Алматы қаласының полициясы ата-аналарды балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға және олардың араласатын ортасына, әсіресе кешкі және түнгі уақыттарда, ерекше көңіл бөлуге шақырады.

Оқи отыорыңыз: Алматыда педагогика ардагерлеріне арналған салтанатты концерт өтті

Новости партнеров