Түркістанда референдум учаскелеріне комиссия мүшелері ұлттық киім киіп келді

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Өңір бойынша 1 млн 200 мың азамат дауыс беруге құқылы

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бүгінгі жалпыхалықтық референдумда Түркістан облысы ерекше белсенділік танытуда, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Өңір бойынша барлығы 947 учаске жұмыс істеп тұр. Ал 1 млн 200 мың азамат дауыс беруге құқылы. Саяси науқанның ашық әрі заңды өтуін 17 аумақтық комиссия қадағалап жатыр.

Биылғы науқанның ерекшелігі айрықша. Түркістандағы референдум учаскелері бүгін ерекше кейіпке енді.

Комиссия мүшелері жұмыс орнына ұлттық киіммен келіп, саяси оқиғаға мерекелік реңк сыйлады. Қазақы нақыштағы киім киген мамандар келушілерді жылы шыраймен қарсы алды. Мамандардың айтуынша, мұндай формат халықтың көтеріңкі көңіл күймен таңдау жасауына септігін тигізеді.

«Бұл тарихи оқиға. Осы тарихи күнде қызметті ұлттық киіммен істеуге ұйғардық. Келген сайлаушыларға көңіл күй сыйлайтын жұмыс болды», — деді № 948 референдум учаскесінің төрағасы Перизат Бекеева.

Оқи отырыңыз: Қызылордада 105 жастағы соғыс ардагері референдумда дауыс берді

Новости партнеров