Референдумға дейін:
8
күн
12
сағат
11
минут

Жалпыұлттық коалиция өкілдері кәсіпорын қызметкерлерімен кездесті

Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Цифрлық технология қарқынды дамыған заманда адам құқықтарын интернет кеңістігінде қорғау - басты міндеттердің бірі». Бұл туралы Жалпыұлттық коалиция өкілдері балмұздақ өндіретін кәсіпорын қызметкерлерімен өткен кездесуінде айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Сонымен қатар басқосуда жаңа Конституция жобасындағы «цифрлық құқық» ұғымының мазмұны түсіндірілді. Мамандардың айтуынша, бұл норма азаматтардың ғаламтордағы жеке деректерінің қорғалуын қамтамасыз етіп, электронды хат-хабар алмасудың қауіпсіздігін нығайтады. Жиын соңында кәсіпорын қызметкерлері көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, өз ұсыныс-пікірін ортаға салды.

«Жаңа Конституция жобасында маңызды бағыттардың барлығы қамтылған. Мәселен, бүгін балмұздақ өндіретін кәсіпорын қызметкерлерімен кездесіп, оларға цифрлық қауіпсіздіктің маңызын кеңінен түсіндірдік. Жалпы бірнеше жылдан бері Қазақстан азаматтары интернет алаяқтарының құрбаны болып, шамамен 50 млрд теңгеден айырылып отыр. Осындай келеңсіз жағдайлардың алдын алу үшін алдағы уақытта бұл мәселелер заң аясында реттеліп, нақты құқықтық тетіктер арқылы жүзеге асырылатын болады», деді қалалық Жалпыұлттық коалиция мүшесі Рустам Қайрыев.

Оқи отырыңыз: Жаңа Конституция жобасына «зияткерлік меншік» ұғымы енгізілді - Айгүл Сәдуақасова

Новости партнеров