Жаңа Конституция жобасында теңге ұлттық валюта ретінде бекітілді

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Сондай-ақ құжат елдің егемендігі мен экономикалық тәуелсіздігін нығайтатын негізгі нормаларды жүйелеп отыр

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бүгінгі жарияланған жаңа Конституция жобасында елдің мемлекеттік негіздерімен қатар ұлттық валюта мәртебесі де нақты айқындалды. Құжатта теңге Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы ретінде конституциялық деңгейде бекітілген, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Жобаның 1-бөліміндегі 2-баптың 6-тармағында: «Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы (ақша бірлігі) – теңге. Теңгені эмиссиялау айрықша құқығы Қазақстан Республикасына тиесілі» деп көрсетілген. Бұл норма ұлттық қаржы жүйесінің дербестігін және мемлекеттің ақша-несие саясатын жүргізудегі айрықша құзыретін айқындайды.

Сонымен қатар 2-бапта Қазақстанның унитарлы мемлекет екені, басқару үлгісі президенттік республика болып қала беретіні, егемендік пен аумақтық тұтастықтың мызғымас екені нақты жазылған. Аталған қағидаттардың өзгермейтіні де құжатта бекітілген.

Осылайша, жаңа Конституция жобасы теңгенің ұлттық валюта ретіндегі мәртебесін бекітіп қана қоймай, елдің егемендігі мен экономикалық тәуелсіздігін нығайтатын негізгі нормаларды жүйелеп отыр.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойған болатын. Егер жалпыхалықтық дауыс беру нәтижесінде жаңа Конституция қабылданса, ол 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енеді. Ал қабылданған күн мемлекеттік мереке – Конституция күні болып жариялануы мүмкін.

Оқи отырыңыз: Білім, ғылым, мәдениет пен инновациялар – жаңа Конституция жобасының негізгі өзегі

Новости партнеров