«Менің сайлау құқығым» акциясы аясында Алматы қаласы кәсіподақтарының аумақтық бірлестігінің бақылаушылар штабының мүшелері ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарын сайлауда кезекті байқаушыларды оқыту семинарын өткізді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Кездесуде еліміздің әрбір тұрғыны үшін маңызды әрі жауапты сәт – Парламент Мәжілісі мен ҚР мәслихаттары депутаттарының сайлауына аз ғана уақыт қалғаны атап өтілді. «Біздің заманауи, демократиялық дамушы мемлекетте өмір сүруіміз үшін сайлау ашық және транспарентті өтуі тиіс» деді қатысушылар.
Қазақстан Кәсіподақтар федерациясы жұмыс берушілер тарапынан қызметкерлерге қысым жасалмауын ескертуге және оған жол бермеуге ниетті. Бұл үшін ұйым алдағы сайлауға 7 мыңнан астам бақылаушылардың тізімін жасады.
«Біз үшін кез келген қызметкердің өз ерік-жігерін білдіру бостандығы, ең алдымен, құқықтық өрістен тыс әсер етудің экономикалық, әкімшілік ынталандыруларынан емес, өз қалауымен болуы маңызды. Біздің бақылаушыларымыздың қысқа мерзімді миссиясы – сайлау туралы заңнамада көзделген барлық рәсімдердің сақталуы. Олар заңбұзушылықтың барлығын тіркейді», - деп атап өтті федерация өкілдері.
2021 жылғы сайлау – жаңа және коронавирус пандемиясы жағдайында өтеді. 16 жыл ішінде алғаш рет, парламенттік сайлау сайлау заңнамасына енгізілген жаңа түзетулерге сәйкес, мерзімінен бұрын өткізілмейді. Парламент Мәжілісі тұрақты комитеттерінің бір төрағасы мен екі хатшысын сайлау парламенттік оппозиция депутаттарының арасынан жүзеге асырылатын болады. Біздің парламенттік тәжірибемізде алғаш рет әйелдер мен жастар үшін партиялық тізімдерге 30 пайыздық квота енгізілді.
Мәслихаттарға сайлаудың негізгі жаңалығы – олар алғаш рет партиялық тізімдер бойынша өтеді.
«Сайлау кезінде біздің байқаушыларымыз заңнама аясында қатаң әрекет ететін болады. Олар, атап айтқанда, сайлау комиссиясының отырысына қатыса алады; сайлаушылардың саны туралы ақпарат ала алады (учаскеде және үй-жайдан тыс жерде); тасымалданатын сайлау жәшіктерін ертіп жүру; барлық аталған рәсімдерді нақты көру мүмкіндігімен дауыс беру барысын, дауыстарды санауды және нәтижелерді ресімдеуді бақылай алады. Олардың міндеттерінің қатарында-сайлаушылардың дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс беруін өткізу кезінде, олардың учаскеге келуі мүмкін болмаған жағдайда қатысуға міндетті.
Сонымен бірге байқаушылар қандай да бір кандидатқа немесе партияға өз көзқарасын білдірмеуі, сайлау процесіне және сайлау комиссиясының жұмысына кез келген түрде араласпауы тиіс. Біз бірге әділ сайлау үшін бар күшімізді саламыз!», - деді кездесуде кәсіподақ мүшелері.