Сайлауға 2 күн қалды: саяси партиялар үгіт-насихат жұмыстарын аяқтайды

Almaty.tv
Almaty.tv
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бүгін үгіт-насихат жұмыстарының соңғы күні. Саяси жарыста бақ сынап жатқан бес партия атқарылған істерді қорытындылап, берілген уақыт пен мүмкіндіктерді қолдануға барынша тырысып бақты. Партия мүшелері, сайлауалды бағдарламаларындағы негізгі бағыттарын атап, қалың бұқараны саяси науқанға белсенді атсалысуға үндеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Халық. Жер. Әділдік. Осындай ұранды ұстанған Қазақстан Халық партиясы бүгін агитация жұмыстарына байланысты қорытынды брифинг өткізді. Жиын барысында партия өкілдері қолжетімді білім, медицина, баспана сияқты өзекті мәселелерді талқылап, жұртшылықты сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.

«Nur Otan» партиясы сайлауалды насихат жұмыстарын көлік шеруімен аяқтады. Қонаев пен Шевченко көшелерінің бойынан бастау алған автокөліктер Махатма Ганди атындағы саябаққа дейін жүріп өтті. Шара барысында партияның атын бейнелеу үшін көліктер қатарға сап түзеді.

Ал ауылдықтар Алматы облысында орналасқан «Байсерке-агро» компаниясының ұжымымен кездесті. Мұнда партия мүшелері мал шаруашығының әл-ауқатымен танысты.

«Ақ жол» партиясы да «Ақ жолмен» бірге жарқын жолмен!» атты автошеру ұйымдастырды. Мұндай шара еліміздің барлық қалалаларында өткізілді. Партияның үгіт атрибуттарымен безендірілген ақ темір тұлпарлар легі бір мезгілде жолға шығып, орталық көшелерді аралады.

Ал «Адал» партиясы Алматының сауда орындары мен базарларында үгіт-насихат жұмыстарын жалғастырды. Пандемиядан кейін кәсіпкерлерге орасан қолдау қажет деген пікірде үміткерлер. Олар ең басты 5 бағыт бойынша бағдарлама әзірлеген.  

Сайлау жарияланған кезден бастап Орталық сайлау комиссиясына жеке және заңды тұлғалардан 104 өтініш келіп түскен. Соның ішінде 81-іне тиісті жауап беріліпті. Келіп түскен өтініштерде сайлау заңнамасын түсіндіру, процесті ұйымдастыру бойынша ақпарат беру сияқты мәселелер қамтылған.

Назкен Еркін, Ғани Қалуов, Ялкунжан Әшімжанов«Алматы»телеарнасы

Новости партнеров