Қазақстан президенттігіне кандидаттарды ұсыну аяқталды
Жалпы, мемлекет басшылығына 12 адамның кандидатурасы ұсынылды
Қазақстанда 11 қазан күні сағат 18.00-де ел президенттігіне кандидаттарды ұсыну аяқталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Осы уақытқа дейін Орталық сайлау комиссиясы президенттік сайлауға бес кандидатты тіркеді:
-
Қасым-Жомарт Тоқаев - қазіргі Мемлекет басшысы.
-
Нұрлан Әуесбаев - оппозициялық Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының (ЖСДП) өкілі.
-
Мейрам Қажыкен - Amanat республикалық кәсіподақтар бірлестігі ұсынған кандидат.
-
Жигули Дайрабаев – "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясынан кандидат.
-
Қарақат Әбден – "Кәсіби әлеуметтік қызметкерлердің ұлттық альянсы" республикалық қоғамдық бірлестігінен.
Тағы жеті кандидат ОСК-ға құжаттарын тапсырды. Олардың құжаттары әлі қаралып жатыр.
-
Жұматай Әлиев, "Халық демографиясы" қоғамдық бірлестігінен.
-
Талғат Ерғалиев, Қазақстан құрылысшылар одағынан.
-
Нұржан Әлтаев, "Мұқалмас" республикалық қоғамдық бірлестігінен.
-
Салтанат Тұрсынбекова, "Қазақ аналары – дәстүрге жол" республикалық қоғамдық бірлестігінен.
-
Хайрулла Ғабжалилов, "Асар" оралмандар қауымдастығы" ҚБ ұсынған.
-
Бақыт Жаңабаев, "Қазақстан әуесқой футболшыларының" қоғамдық бірлестігінен.
-
Фатима Бизақова, "Тәжірибелік психология" қоғамдық бірлестігінен.
Жалпы, мемлекет басшылығына 12 адамның кандидатурасы ұсынылды.