Amanat партиясы президенттікке Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды
Акорда
Съезд барысында 7 адам жарыссөзге шығып, олардың барлығы да Тоқаевтың кандидатурасын қолдады
Жаңалықтармен бөлісіңіз
AMANAT партиясының кезектен тыс XXIV съезінде Қасым-Жомарт Тоқаевты президенттікке кандидат ретінде ұсыну шешімі қабылданды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Съезд барысында 7 адам жарыссөзге шығып, олардың барлығы да алдағы кезектен тыс Президент сайлауына Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын қолдады және партияластарын да қолдауға шақырды.
Осыдан кейін делегаттар Қазақстан Республикасының президенттігіне AMANAT партиясының кандидаты ретінде Қ.Тоқаевты ұсыну мәселесін талқыға салып, бірауыздан қолдау көрсетті.
«AMANAT партиясы XXIV съезінің шешімімен Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бірауыздан ҚР президенттігіне кандидат ретінде ұсынылады», - деді съезд шешімін жариялаған AMANAT партиясының Атқарушы хатшысы Асхат Оралов.Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қыркүйекте қазақстандықтар қанша күн демалады
14.09.2026 13:00
Алматыда 14-20 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болады
14.09.2026 17:05
Миды тынықтыруға көмектесетін қарапайым әдістер қандай
13.09.2026 16:35
Жас көрінудің қарапайым құпиялары қандай
13.09.2026 14:15