Әркім өз таңдауын жасауға ерікті - Ақұштап Бақтыгереева

14.11.2022 16:51
Almaty.tv

Өзімізге берілген құқықты пайдаланайық. Осылай деген ақын, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Ақұштап Бақтыгереева барша қазақстандықтарды алдағы сайлауға қатысуға шақырды. 

"Ұлы даланы мекендеген ұрпағымыздың ертеңі нұрлы болуы үшін, өзімізге берілген құқықты пайдаланып, өз таңдауымызды жасайық. Әркім өз таңдауын жасауға ерікті", - деді ақын.

Алматы қаласы әкімдігінің «Open Almaty» қоғамдық қабылдау сайтында және білім басқармасының мемлекеттік қызметтер порталында сайлаушылар тізімдерінен өзіңізді тексеруге мүмкіндік беретін сервис қолжетімді.