Президент сайлауында азаматтардың конституциялық құқығы сақталды

 Президент сайлауында азаматтардың конституциялық құқығы сақталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бұл жолғы Президент сайлауы  халықтың демократиялық жолмен пікір білдіруіне жол ашты. Сарапшылар азаматтардың конституциялық құқығы сақталғанын атап өтті. Оның дәлелі –  бюллетеньдегі «бәріне қарсымын» бағаны.

«Әр адамның өз ойы, пікірі, түсінігі бар. Оның бәрін бір қалыпқа салу мүмкін емес. Ол кезеңнен біз өтіп кеткенбіз. Сондықтан да, сайлауға қатысып жатқан кандидаттар ұнамаса, «бәріне қарсымын» деген бағанды белгілеу мүмкіндігі берілді», – деді  технология ғылымдарының докторы, профессор  Барыс Жапаров.

Сайлаудың нәтижесі – қазақстандықтардың дәл осы сәттегі қажеттіліктің көрсеткіші. Қоғам қайраткері Нұрлан Оразалиннің айтуынша, әлеуметтік әділдік пен бірегейлік, табысты болашақ принципі жүзеге асуы тиіс.

«Бұл қиын-қыстау кезеңде өзінің жетекшілік қабілет-қарымын дәлелдей алған  тұлғаға берген халықтың сенімі.  Сондықтан өзіміз сайлаған Президенттің қасынан табылып, сол кісіге деген сенімімізді ешқашан мұқалтпай, алдағы күндерге жеткізуді Алла нәсіп етсе екен деймін», – деді ақын, Мемлекет және қоғам қайраткері Нұрлан Оразалин.

Новости партнеров