Саяси науқаннан соң халықтың алдағы тұрмысын түзеу – басты бағыттардың бірі. Осылай пікір білдірген қалалық мәслихат депуттары ендігі күшті елдің бірлігі мен тұтастығына жұмылдырылуы керегін айтты.
«Сайлау әділ өтті. Бұл жерде ешқандай артық іс болған жоқ. Әрбір азамат таңдауын жасады,ойын білдірді. Басқа да кандидаттардың да нәтиежесін көріп отсыздар, аз да болса да халық тарапынан қолдау тапты. Олардың мақсаты бір. Ол – халықтың жағдайын жақсарту, Қазақстан халқының мәртебесін көтеру», – деді Алматы қаласы мәслихатының депутаты Алмат Қодасбаев.
Сала мамандары да сайлаудан соңғы серпін жаңаша қарқын алу тиіс. Сондықтан сайлау алды жасалған бағдарламаларды нақты жүзеге асыруға жұмылдыру керегін алға тарты.
«Елімізде тарихи сәт орын алды. Қазақ елі өзінің алдағы жеті жылға болашағы үшін Президентін таңдады. Біздің алдымызда міндет – сайлау алды бағдарламаны жүзеге асыруға жұмыс жасауға дайынбыз», – деді Алматы қаласы мәслихатының депутаты Арайлым Шамова.