Біз үш жетіден кейін үлкен бір саяси асудан асқалы тұрмыз. Осылай деген жазушы, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Смағұл Елубай 20 қарашада өтетін сайлау жайлы пікірін білдірді.
"Құрметті ағайындар, қандастар! Біз үш жетіден кейін үлкен бір саяси асудан асқалы тұрмыз. Яғни ары қарай жеті жыл Қазақстанды басқаратын президентті өз қолымызбен сайлағалы тұрмыз. Бұл, шынтуайтына келгенде, тек қана келесі жеті жылдың тағдырын шешпейді. Қазақстанның жалпы бұдан кейінгі тағдырын шешуі әбден мүмкін", - деді жазушы.
Алматы қаласы бойынша «1315» бірыңғай нөмірі бар Call-орталық іске қосылды. Ол арқылы 2022 жылғы 20 қарашада өтетін Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында дауыс беруге арналған сайлау учаскесінің мекенжайы мен нөмірін тексеруге болады.