Ішкі түйсігім сайлаудан кейін өзгерістер болатынын сезеді - Қуанышбек Мамытқалиев

Almaty.tv
Almaty.tv
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Актер Қуанышбек Мамытқалиев алдағы сайлаудың маңызын айтып өтіп, барша қазақстандықтарды сайлауға қатысуға шақырды. 

"Алтай менен Атыраудың арасы,

Сарыарқа мен Жетісудың даласы,

Еділ, Жайық, Іле, Шу мен Таласы

Құдыреттің сыйы емес пе, қарашы" дегендей, мына қыранның қанаты талатын қазақ даласында қаншама тарихи дүниелер орын алды. Алдымыздағы сайлау да - үлкен мәні бар дүние. 20 қарашада азаматтық борышымды орындап, өз дауысымды беремін. Өзімнің ішкі түйсігім "осы сайлаудан кейін үлкен өзгерістер болады" дейді. Қазақ елін сайлауға шақырамын, өзім де барамын", - деді актер.

Алматы қаласы әкімдігінің «Open Almaty» қоғамдық қабылдау сайтында және білім басқармасының мемлекеттік қызметтер порталында сайлаушылар тізімдерінен өзіңізді тексеруге мүмкіндік беретін сервис қолжетімді.


Новости партнеров