Өнер қайраткерлері саяси науқанда халықты белсенділік танытуға шақырды

Almaty.tv
Almaty.tv
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бірер күннен кейін өтетін Президент сайлауына қатысып, ұлтының мүддесін қорғайтын Президентті таңдау – әрбіріміздің азаматтық парызымыз. Осылай деген өнер қайраткерлері саяси науқанда халықты белсенділік танытуға шақырды.

«Халық өзінің ертеңі, ұрпақтың қамы үшін, елдің келешегі үшін таңдауын жасауы керек. Елдің көшін тізгіндеп отырған адам – ел болашағы үшін маңызды рөл атқарады. Кеше ғана тәуелсіздік алған жас ел үшін даму, өркендеу, әрмен қарай қанат қағу өте маңызды. Шарықтайтын шағымызда біз елімізді бірлікке, ынтымаққа шақырып, бір елдің баласындай жұмыс істеуіміз керек», – деді дәстүрлі әнші, термеші Шаттық Уатқан.

Жексенбі күні отандастарымыз тағдыршешті таңдау жасап, болашақ Президентке үміт артады. Халықтың сенімін ақтайды деген кандидатты таңдап, қоғамдық көзқарасын айқындайды.

«Бүкіл әлемде саяси жағдай ушығып тұрғанда бізге сайлау қажет екенін түсінуіміз керек. Бәріміз жұмылған жұдырықтай болашақ Президентімізді бірге таңдауымыз керек. Өйткені дауыс беру арқылы болашағымызға нық сеніммен аяқ басамыз. Ертеңіміз жарқын болады деп сенеміз. Жаңа басшымыз елімізді өркениетті, дамыған мемлекеттердің алды етеді деген үміт бар», – деді Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Жәмилә Серкебаева.

Новости партнеров