Атырау облысының тұрғынынан 8 киіктің мүйізі тәркіленді

ашық дереккөзден
ашық дереккөзден
Қазір полиция қызметкерлері аталған дерек бойынша күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Атырау облысының тұрғынынан 8 киіктің мүйізі тәркіленді. Күдікті Қызыл кітапқа енген киелі жануардың мүйізін заңсыз сақтап келген, деп хабарлайды Almaty.tv.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Индер ауданының тәртіп сақшылары «Браконьер-2022» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында Қызыл кітапқа енген киіктің мүйізін заңсыз сақтаған тұрғынды ұстады.

«Индер аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері 12 қараша күні сағат 23:30 шамасында «Охотазоопром» РМҚК батыс өңірлік филиалының инспекторларымен бірлесіп, Сыралы учаскесіндегі қыстақтардың бірінен киікке ұқсас жануардың 8 дана мүйізін тәркіледі. Күдікті ретінде аталған ауданның 1958 жылғы тұрғыны ұсталды. Оның Өрлік ауылында тұратыны анықталды», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Қазір полиция қызметкерлері аталған дерек бойынша күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Тергеу ҚР Қылмыстық кодексі 339 бабының 1-1-бөлігімен (Киікті заңсыз қолға түсіру, жою, сол сияқты заңсыз қолға түсірілген киікті немесе оның дериваттарын, оның ішінде мүйіздерін иемдену, сақтау, өткізу, әкелу, әкету, жөнелту, тасымалдау) амалдары жүргізіліп жатыр.

Новости партнеров