Алматыда «Дос-Мұқасан» ансамблінің солисі Мұрат Құсайынов дауыс берді
Композитордың пікірінше, елге саяси өзгерістер қажет
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Музыкант, «Дос-Мұқасан» эстрадалық вокальді аспаптар ансамблінің солисі Мұрат Құсайынов №262 сайлау учаскесінде дауыс берді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Композитордың пікірінше, елге саяси өзгерістер қажет. Сайлаудан кейінгі өзгерістер қоғамдық-саяси өмірдің барлық саласына әсер етеді. Атап айтқанда, экономикалық өсіп артып, жаңа әлеуметтік бағдарламалар пайда болады.
«Сайлауға үлкен үміт артамын. Мемлекет басшысы Қазақстаннан басқа Отанымыз жоқ екенін айтты. Сол себепті әрбір азамат елдің дамуына үлес қосуы керек», - деді музыкант.
Сөз соңында ол жастардың қоғамдық-саяси өзгерістерден қалыс қалмай, табанды болуға әрі дұрыс мақсат қоя білуге үндеді.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Жақындарыңызға қамқор болыңыз: 24 қазанға арналған жұлдыз жорамал
24.10.2026 09:46
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
24.10.2026 09:10
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
24.10.2026 12:30
Күзде қандай аурулар жиі асқынады
24.10.2026 16:47
Баланың сабаққа зейінін арттыратын тағамдар аталды
24.10.2026 15:37