Ерлан Біләл: Бұл - қазақ халқының тағдыры мен тарихындағы айтулы күн

09.11.2022 20:49
Almaty.tv

Актер, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Ерлан Біләл барша қазақстандықты сайлауда белсенділік танытып, тағдаған үміткеріне дауыс беруге шақырды.

«Отан – отбасынан басталады. Ал бала адамның бақыты. Сол балаларымыздың, жастарымыздың болашағы зор, келешегі жарқын болсын десеңіздер, қадірлі әлеумет, сайлауға қатысыңыздар. Бұл қазақ халқының тағдыры мен тарихындағы айтулы күн. Сондықтан баршаңызды халқымыздың келешегі үшін дауыс беруге шақырамын», – деді актер, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Ерлан Біләл.

Алматы қаласы әкімдігінің «Open Almaty» қоғамдық қабылдау сайтында және білім басқармасының мемлекеттік қызметтер порталында сайлаушылар тізімдерінен өзіңізді тексеруге мүмкіндік беретін сервис қолжетімді.


Теги: сайлау