Әнші Гауһар Қаспақова қазақстандықтарды сайлауда дауыс беруге шақырды

09.11.2022 20:54
Almaty.tv

Президентін сайлау – әр адамның борышы. Осылай деген әнші Гауһар Қаспақова отбасымен бірге барып, сайлауда дауыс беретінін айтты.

«Құрметті қазақстандықтар өз президентін сайлау әр адамның борышы деп санаймын. 20 қараша күні таңертең мен өз участігіме барып, міндетті түрде даусымды беремін», – деді әнші Гауһар Қаспақова

Алматы қаласы әкімдігінің «Open Almaty» қоғамдық қабылдау сайтында және білім басқармасының мемлекеттік қызметтер порталында сайлаушылар тізімдерінен өзіңізді тексеруге мүмкіндік беретін сервис қолжетімді.


Теги: сайлау