Жандарбек Мәлібеков: Елімнің тыныштығы үшін дауыс беремін

09.11.2022 21:14

Сәулетші, ҚР Мемлекеттік Елтаңбасының авторы Жандарбек Мәлібеков алда өтетін сайлау жайлы пікір білдірді.

«Сайлауға еліміздің тыныштығы, болашағы үшін барамын. 20 қараша күні өтетін сайлауға келіңіздер. Әрқайсысымыздың даусымыз еліміз үшін өте маңызды», – деді сәулетші, ҚР Мемлекеттік елтаңбасының авторы Жандарбек Мәлібеков.

Алматы қаласы әкімдігінің «Open Almaty» қоғамдық қабылдау сайтында және білім басқармасының мемлекеттік қызметтер порталында сайлаушылар тізімдерінен өзіңізді тексеруге мүмкіндік беретін сервис қолжетімді.