Бұл туралы өз сөзінде «Қоғамдық пікір» қоғамдық қоры бақылаушылар штабының жетекшісі Рафаэль Гасанов мәлімдеді. Ол 20 қараша, сайлау күні жергілікті байқаушылардың күні бойы сайлау учаскелерінде болғанын еске салды. Ол әлеуметтік желіде жарияланған жағымсыз жазбаларға қатысты өз ойын білдірді, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Біздің бақылаушыларымыз дауыс санаған кезде де болды. Біздің есебіміз бойынша, Алматы бойынша сайлауға келгендер 28%-ды көрсетті. Алдын ала қорытынды бойынша жеңіске қазіргі Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жеңіске жетті», - деп хабарлады Р.Гасанов.
Спикер бақылаушылардың 531 сайлау учаскесінде жұмыс атқарғанын айтты.
«Кейбір бақылаушылардың жағымсыз жағдай тудырғысы келгені анық екенін өткім келеді. Бақылаушылар сайлауда өздерінің негізгі міндеттерін ұмытып, оның орнына сайлау учаскелері төрағаларының жұмысына кедергі келтіріп, камераға түсіріп алу фактілері болды. Сондай жағдайда келіп, сайлау заңнамасының нормаларын түсіндіретін заңгерлеріміздің болғаны жақсы болды. Біздің жұмысымыздың беделін түсіргісі келгендердің назарына айтарым: біздің барлығымыз ортақ жұмыспен айналыстық – біз байқаушыларды емес, сайлау процесін бақылағанымызды ұмытпаған жөн. Басқа қоғамдық ұйымдардың жұмысына араласу кәсіпқойлыққа жатпайды деп ойлаймын. Олар бізді бақылауға келді ме деген ой қалды. Біз халықаралық стандарттарды ұстанатынымызды еске салғым келеді», - деді Р.Гасанов.
Қоғамдық бақылаушы өздерінің ЕҚЫҰ-ның ішкі мониторинг бойынша нұсқауларын және Еуропалық Хартияны ұстанатынын қосты. Ал олардың басты міндеті тек бақылау болды, бірақ ешбір жағдайда бақылаушылардың жұмысына кедергі келтірмеу болды.
«Біз халықаралық байқаушылардың есебін зерделейміз, одан кейін біздің есебіміз Орталық сайлау комиссиясына жіберіледі», - деп жалғастырды Р.Гасанов.
Сайлау барысынан алған әсерімен бөліскен тағы бір қоғам өкілі Андрей Андреев болды. Ол алматылық дауыс берушілер арасында балаларымен бірге келіп, көтеріңкі көңіл-күймен қайтқандары да болғанын атап өтті.
«Көптеген жастардың, жүріп-тұрудың қиындағанына қарамастан, азаматтық борышын өтеген аға буын өкілдерінің де келгені қуантты. Барлық сайлау учаскелері жеткілікті деңгейде дайындалды, бәрі түсінікті болды, адамдардың әдейі жанжал шығарғысы келген жағдайлардан басқа заң бұзушылықтар болмады», - деді А.Андреев.
Бақылаушыларға қарсы айтылған сынға келетін болсақ, сын айтқандардың ешқайсысы оларды есеп баяндамасына ресми түрде тіркеген жоқ. Олардың басым бөлігі сайлауға не үшін келгеніне көңіл аударып, сонымен қатар дұрыс емес әрекетке барған. Андреевтің айтуынша, бұл адамдардың мақсаты сайлауды бақылауды емес, қиындықтар туғызу болды.
ХБК-тың корпоративтік және әлеуметтік даму жөніндегі проректоры Диана Малаеваның айтуынша, барлық бақылаушылар үлкен тәжірибе жинақтай отырып, өз құқықтарын пайдалана алды. Қазір Алматыда бұл салада дамитын жергілікті бақылаушылардың тұтас бір пулы бар.
Баспасөз орталығында журналист, блогер Мақсат Мамадияров та сөз сөйлеп, алматылық бақылаушыларға жұмыстарына жауапкершілікпен қарағандары үшін алғысын білдірді. Ол байқаушылар мен сайлау комиссиясы мүшелерінің сынына қатысты пікір білдірді.
«Көптеген арандатушы сұрақтар қойылды, ьіпті үзіліс уақытында сыртқа шыққандарға қатысты сын айтқандар болды. Соған қарамастан, біз өз мақсатымызды орындадық», - деп хабарлады М.Мамадияров.