Президентті таңдау - ол біздің болашағымызды таңдау - Жанерке Дүйсембиева

13.11.2022 21:37
Almaty.tv

"Алатау" дәстүрлі өнер театрының әртісі Жанерке Дүйсембиева барша қазақстандықтарды 20 қараша өтетін президент сайлауына қатысуға шақырды.

"20 қараша кезектен тыс президент сайлауы өтеді. Президентті таңдау - ол біздің болашағымызды таңдау. Сондықтан мен де өз учаскеме барып, өз таңдауымды жасаймын. Сіздерді де сайлауға шақырамын", - деді әртіс.

Алматы қаласы әкімдігінің «Open Almaty» қоғамдық қабылдау сайтында және білім басқармасының мемлекеттік қызметтер порталында сайлаушылар тізімдерінен өзіңізді тексеруге мүмкіндік беретін сервис қолжетімді.