Алматыдағы сайлау учаскелерінде бақылаушылар қалай жұмыс істеп жатыр

Almaty.tv
Almaty.tv
Аумақтық сайлау комиссиясы барлық учаскелердің штаттық режимде жұмыс істеп тұрғанын жеткізді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Дауыс беру учаскелеріне келген алматылықтардың басым көпшілігі – ересек адамдар, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бүгін жексенбі, ал азаматтардың негізінен сайлауға келуі көбіне түстен кейін басталады дейді байқаушылар. Аумақтық сайлау комиссиясы барлық учаскелердің штаттық режимде жұмыс істеп тұрғанын, әрі әлі ешқандай заң бұзылмағанын жеткізді. Осы тұста «тұрғындардан дауыс беру кабинасына бірнеше адам кіре ала ма?» деген сұрақ түскен еді. Жиі қайталанған сауалға арнайы өкілдер ондай рұқсаттың жоқтығын, бір кабинаға тек бір адамға кіруге болатынын ескертті. Бұл баспасөз жиынында бақылаушылардың құқықтары мен міндеттері де кеңінен түсіндірілді.

«Біздің байқаушыларымыздың құқықтық мәртебесі Қазақстан Республикасының Сайлау туралы Конституциялық заңының 20-бабының 1-ескертпесімен реттеледі. Бұл заңға сәйкес, байқаушылар үй-жайдан тыс өтетін сайлауға қатысуға, бюллетеньдерді санауға қатысуға, жалпы осы учаскеде өтіп жатқан сайлау үдерісінің барлық сатыларына толық қатысуға құқылы», – деді Байқаушылар мектебінің өкілі Қарлығаш Үсейнова.

Баспасөз жиынға халықаралық деңгейдегі байқаушылардың қатысып жатыр. Олар біздегі сайлауды салыстырмалы түрде бағалайды. Сұрағымызға жауап берген Франция Республикасының Сенаторы Қазақстанға деген қызығушылық Еуропа елдерінде өте жоғары екенін атап өтті. Ол сондай-ақ әзірге тек төрт учаскеге барған.

«Мен сайлау процесінің өтуін қалыпты деп бағалаймын, бәрі қалыпты режимде жүріп жатыр. Процесс стандартты, талап толық орындалып жатыр. Сайлауда ең маңызды екі нәрсе бар: азаматтар және олардың дауыс беруі. Әзірге ешкімнің құқығы бұзылған жоқ. Нәтиже де соған сай болады деп үміттенеміз», – деді Халықаралық байқаушы Андре Марсель Решар (Франция)

Аумақтық сайлау комиссиясы сәлден соң тұрғындардан түскен сауал мен жалпы қаладағы ахуалға қатысты ақпар береді.      

Новости партнеров