Президент сайлауы – болашаққа бастар даңғыл жол

Almaty.tv
Almaty.tv
Еліміздің қоғам қайраткерлері мен ғалымдары осындай пікір білдірді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Президент сайлауы – болашаққа бастар даңғыл жол. Еліміздің қоғам қайраткерлері мен ғалымдары осындай пікір білдірді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Олардың айтуынша, қазіргідей геосаяси жағдай өршіп тұрған уақытта бұл аса маңызды саяси науқан. Сондай-ақ алдағы айда бәсекеге түсетін кандидаттардың мақсаты бір болуы керек. Ол адам капиталы. Сарапшылардың айтуынша, мемлекеттің басты құндылығы саналған халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту басым бағытқа айналуы керек.

«Биылғы – Президенттік сайлауы. Келесі жылы Президент айтты Парламенттік сайлау болады деді. Осының бәріне біз атсалысуымыз қажет деп ойлаймын. Себебі, мемлекеттің бірінші капиталы адам. Мемлекетті құрайтын сол – халық. Халық болмаған жерде мемлекет болмайды», – деді Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ақан Әбдуәлі.

«Жаңа Қазақстанның тұжырымдамасын жасай отырып, елдің іргесін бағатталатына өз басым сенемін. Тәуелсіздігімізді сақтап қалу ең үлкен парыз. Екіншісі халықтың әлеуметтік мәселелерді қаузап соны қалпына келтіру. Өйткені қазіргідей қымбатшылық қысып тұрған заманда жаһандық деңгейде Қазақстанның да өз рөлі барын көрсете алады деп ойлаймын», – деді жазушы, философия ғылымдарының докторы Нұрдәулет Ақыш.

Сондай-ақ ғалымдар қазір қоғам арасында «менің дауысым маңызды емес» деген ой қалыптасқанын да баса айтты. Бұл – жаңсақ пікір. Себебі, ел болашағының мығым болуы үшін әр азамат үлес қосуы керек.

«Шын мәнісінде әділ сайлау болса екен дейміз. Әділ сайлау болуы да керек. Онсыз болмайды. Президенттің өзі де әділ сайлау өтетіндігін айтты. Оған кепілдік беретінін айтты. Біздің күтереміз – елдің болашағы жарқын болу үшін мықты азамат, мықты Президент керек», – деді ақын, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Ғалым Қалибекұлы.

Новости партнеров