"Мемлекет басқару өнері - өнер атаулының ұлысы". Осылай деген ақын, композитор, ҚР мәдениет қайраткері Төлеужан Ғұмаров мемлекетімізді алға бастайтын басшы сайлауға шақырды.
"20 қараша - президент сайлауы. Сайлауға қатысу - Қазақстан азаматының ең басты міндеттерінің бірі. "Мемлекет басқару өнері - өнер атаулының ұлысы" деген екен Демокрит. Сондықтан мемлекетімізді алға бастайтын басшыны сайлайық. Отбасыммен сайлау учаскеме барып, дауыс беретін боламын. Сіздер де сайлаудан қапы қалмаңыздар", - деді ақын.
Алматы қаласы әкімдігінің «Open Almaty» қоғамдық қабылдау сайтында және білім басқармасының мемлекеттік қызметтер порталында сайлаушылар тізімдерінен өзіңізді тексеруге мүмкіндік беретін сервис қолжетімді.