Еліміздің тағдырын халық болып шешейік – Бауыржан Қаптағай

Еліміздің тағдырын халық болып шешейік – Бауыржан Қаптағай
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Сайлауға қатысып еліміздің тағдырын халық болып шешейік». Осылай деген актер, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Бауыржан Қаптағай алдағы өтетін сайлауға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Бүкіл қазақ халқы болып сайлауға қатысуымыз керек. Барынша дауыс бергеніміз жөн. Ол біздің азаматтық борышымыз. Қазақстанның патриотты азаматы болсақ, сайлауға қатысып, өз еліміздің тағдырын халық болып шешуіміз керек. Бәрі халықтың қолында. Президенттің өзі айтпақшы, ел не шешеді, сол болады», – деді Бауыржан Қаптағай.


Алматы қаласы бойынша «1315» бірыңғай нөмірі бар Call-орталық іске қосылды. Ол арқылы 2022 жылғы 20 қарашада өтетін Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында дауыс беруге арналған сайлау учаскесінің мекенжайы мен нөмірін тексеруге болады.


Новости партнеров