Николай Журавлев заңдық құрамдас бөлікке ғана емес, сайлау учаскелерінде қалыптасқан атмосфераға да назар аударды
ТМД миссиясының 170-тен астам байқаушысы Қазақстандағы 1000-нан астам сайлау учаскесін бақылады, деп хабарлайды Almaty. tv.
Бұл туралы Алматыда ресейлік бақылаушылар айтты, олар елімізде өткен президент сайлауы заңдылық қосты деп есептейді.
Парламенттік Ассамблеяның Жастар саясаты, спорт және туризм жөніндегі Комиссиясының Төрағасы, Ресей Федералдық Жиналысы Мемлекеттік Думасының Еуразиялық интеграция және отандастармен қарым-қатынас, ТМД істері жөніндегі Комитеті төрағасының орынбасары Туров Артем Қазақстан Республикасы Президенті сайлауы ашық, демократиялық түрде өткені көңілінен шыққанын айтты.
Кеше халықаралық байқаушылар Алматыдағы 17 сайлау учаскесінде болды, олар сондай-ақ учаскелік комиссиялардың жүйелі жұмысын, ашықтықты, хабардарлықты атап өтті. Олардың пікірінше, дауыс берушілер мен жергілікті бақылаушылардың саны көп болға
«Сайланған Президентті сайлаудың сәтті аяқталуымен құттықтаймын. Сайлау ашық, заңды, ұлттық заңнама негізінде өткенін айта кеткен жөн. Алматы қаласы аумағында жұмыс істеу мүмкіндігі үшін рахмет, біз барлық деңгейдегі комиссиялардан барынша қолдау алдық. Біз барған учаскелердің ешқайсысынан бірде-бір шағым түскен жоқ. Олардың басқа әріптестерімізге жүгінгенін білемін, бірақ олар қарапайым заттарды қозғады», - деді А.Туров.
Еуразиялық ынтымақтастық және интеграция қорының бас директоры Николай Журавлев заңдық құрамдас бөлікке ғана емес, сайлау учаскелерінде қалыптасқан атмосфераға да назар аударды.
«Ешқандай шиеленіс болған жоқ, адамдар жайбарақат, жақсы көңіл-күймен келді, сондықтан келген адамдарға қысым болған жоқ деген қорытындыға келдік. Ал сайлау жеңімпазының бұл сенімді нәтижесі тұрақтылықты таңдаған қоғамда қандай да бір жікке бөліну туралы айтудың қажеті жоқ екенін айғақтайды», - деді Н. Журавлев.