Сайлаудан кейін жақсы өзгерістер болады – Мұрат Шоқан

Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Сайлаудан кейін жақсы өзгерістер болады деп ойлаймын». Осылай деген Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Мұрат Шоқан алдағы сайлауға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Сайлау сәтті өтеді деп ойлаймын. Себебі, біз берекелі халықпыз. Ұлан-ғайыр даламыздың уысымызда тұрғаны, сол берекелі халқымыздың дұрыс шешім қабылдай алатын ел екендігінің бірден-бір дәлелі. Сайлаудан кейін жақсы өзгерістер болады деп ойлаймын. Өйткені бағдарламалар мен беталыс маған ұнайды. Қараңғыны көре беру, құлдың мінезі деген өзімнің философиялық ойым бар. Жалпы біз жарқын жақты көре білуіміз керек. Енді болашақта не боларын көре жатырмыз, бірақ мен алда жақсылық болатынына ақын ретінде сенемін»,– деді Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Мұрат Шоқан.

Новости партнеров