Бұл сайлау әділ өтті. Осылай деген ҚР ҰҒА Президенті, академик Мұрат Жұрынов 20 қараша күні өткен сайлау туралы пікір білдірді.
«Бұл сайлау – таза, әділ өткен сайлау. 81 пайыз шынайы дауыс есебі бойынша біз бір ғана шешімге келуіміз керек. Бұл бүкіл бұқара халық қолдаған Президент болды. Негізгі мақсат – әділ , жаңа Қазақстан құру. Бұл дегеніміз, елімізде жемқорлыққа жол бермеуі керек, жұмыссыздық болмауы керек, Қазақстанның бар байлығы халық игілігіне жұмсалуы тиіс», – деді ҚР ҰҒА Президенті, академик Мұрат Жұрынов.
Еске салайық, Орталық сайлау комиссиясының отырысында 20 қарашада өткен Қазақстан Президенті сайлауының ресми қорытындылары жарияланды. Қорытынды бойынша, Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Президенті болып сайланды. Президенттің ант беру күні 26 қарашаға белгіленді