Қасым-Жомарт Кемелұлының сайлауалды бағдарламасы барлық саланы қамтиды. Осылай деген Алматы қалалық маслихатының депутаты Арайлым Шамова сол бағдарламаның іске асуына Мемлекет басшысына көмектесуіміз керек деп санайды.
"20 қараша елімізде тарихи сәт орын алды. Қазақ елі өзінің президентін сайлады. Қасым-Жомарт Кемелұлы 81,31%-бен халықтың сенімін алды. Алдағы уақытта жақсы нәтижелерге қол жеткіземіз деп ойлаймын, себебі Қасым-Жомарт Кемелұлының сайлауалды бағдарламасы барлық саланы қамтиды. Ендігі біздің алдымызда сол бағдарламаның іске асуына көмектесу деген міндет тұр", - деді депутат.
Еске салайық, Орталық сайлау комиссиясының отырысында 20 қарашада өткен Қазақстан Президенті сайлауының ресми қорытындылары жарияланды. Қорытынды бойынша, Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Президенті болып сайланды. Президенттің ант беру күні 26 қарашаға белгіленді.