Әнші, «Дарын» жастар сыйлығының иегері Бейбіт Қорған баланың болашағына қатысты тарихи сәтте сайлауға қатысатынын айтты.
«Бала-шағамыздың болашағына қатысты тарихи сәт болғалы тұр. Сайлауға қатысуларыңызды шын жүректен сұраймын. Өзім де дауыс беремін. «Еліміздің, жеріміздің болашағы жарқын болсын» деген ниетпен міндетті түрде атсалысайық», – деді әнші, «Дарын» жастар сыйлығының иегері Бейбіт Қорған.
Алматы қаласы әкімдігінің «Open Almaty» қоғамдық қабылдау сайтында және білім басқармасының мемлекеттік қызметтер порталында сайлаушылар тізімдерінен өзіңізді тексеруге мүмкіндік беретін сервис қолжетімді.