АСК төрайымы бүгін Алматының №120 сайлау учаскесінде болған жағдайға қатысты да түсініктеме берді
Алматыдағы Президент сайлауынан хабар таратуға арналған баспасөз орталығында Алматы қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Жанна Асанова журналистердің сауалдарына жауап берді, сонымен қатар әлеуметтік желідегі жарияланымдарға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Асанова №49 жалпы білім беретін мектепте орналасқан №457 және 458 сайлау учаскелерінде орын алған жағдайды түсіндіріп өтті, мұнда дауыс берушілерді екі қыз күтіп алып, сайлаушылардан қай кандидат үшін дауыс бергендерін сұрап, жауаптарын жазып алған.
«Бұл жағдайда жұмысты экзитпол өкілдері жүргізді. Бізде қоғамдық сауалнама жүргізуге ресми құқығы бар 6 ұйым бар. Мұндай реакция дауыс беру күні қандай да бір ақпаратты айтуға болмайтындықтан туындады, бұл ұйымның өкілдері бұл ұйыммен осы себепті де байланысудан бас тартқан шығар», - деді Жанна Асанова.
Алматылықтар тарапынан сайлауға бетперде тағып бару керек пе, сайлау комиссияларының мүшелері сайлау учаскелерінде бетперде киюге міндетті ме деген сұрақтар туындауда. Жанна Асанова ОСК-да өткен брифингте денсаулық сақтау министрі Қазақстанның «жасыл» аймақта екенін айтты деп хабарлады, бетперде режимі жоқ, бірақ ЖРВИ және тұмаудың маусымдық көбеюіне байланысты, комиссия мүшелеріне бетперде киюге тыйым салынбайды.
Жанна Асановаға «Әлеуметтік желіде Алматы қаласындағы No84 сайлау учаскесінде азаматтарды тіркеудің ОСК алгоритмін білмейді деген жазба жарияланды. Жазба авторының айтуынша, No84 сайлау учаскесінде 6-7 сайлаушының дауыс беру үшін бір күнге тіркеуге тұрғаны айтылған. Алайда, учаскелік сайлау комиссиясының төрайымы сайлау учаскесіне қалай тіркеу алгоритмін білмейді».
«Учаскелік сайлау комиссиясының төрайымы алгоритмді білмейді, себебі адамды тіркеуге тұрғызумен ол емес, ХҚКО қызметкерлері айналысады. Олардың өздерінің жұмыс алгоритмі бар, оған біз араласпаймыз. Біздің міндетіміз, сайлаушының тізімде бар екеніне көз жеткізу, ол келесі жолмен жасалады: сайлаушы оны тіркеуге тұрғызатын ХҚКО-на барады, олар оны тіркейді, содан кейін сайлаушы өзі қарайтын учаскелік сайлау комиссиясына барады, бізде № 1 деген сервис бар, ол арқылы сайлаушының учаскеге тіркелген немесе тіркелмегенін білуге болады. Аталған сайлаушының тіркеуде бар екеніне көз жеткізген учаскелік комиссия өз шешімімен оны тізімге қосады», - деп түсіндірді спикер.
АСК төрайымы бүгін Алматының №120 сайлау учаскесінде болған жағдайға қатысты да түсініктеме берді. Ол жерде журналистің айтуынша, комиссия мүшелері ұлғайтқыш әйнекті (лупа) жоғалтып алып, оны бір әжей ұрлап алды деп кіналаған. БАҚ-да хабарлағандай, комиссия мүшелері кабинада жоғалған ұлғайтқыш әйнекті ұрлады деп бәр әйелден күдіктенген.
«Шын мәнінде сайлау учаскесінде ұлғайтып көрсеткіш әйнек жоғалған, егде жастағы «әйел адам дауыс беру кабинасынан қолында екі лупа ұстаған күйі шыққан — бірі үлкен, бірі кішілеу келген. Комиссия мүшемі сыпайы түрде сайлаушыдан лупалардың өзінікі ме екенін сұраған. Оған сайлаушы күлімсіреген күйі «иә» деп жауап берген. Тіркелген БАҚ өкілі егде жастағы әйелге жақындап келіп, «сізді ұрлық жасады деп айыптап жатыр ма» деп сұраған. Учаскенің сайлау комиссиясы мүшелерінің тарапынан айыптау мен дөрекілік көрсету болмаған. Дегенмен, сайлау учаскесінің ұлғайтқыш әйнегі қайтарылған, бірақ оны қайтарған басқа дауыс беруші болып шықты, ол учаскенің ұлғайтқыш әйнегін сөмкесіне кездейсоқ салып алған екен», - деді Жанна Асанова
Қорытындылай келе, Алматының АСК төрайымы Жанна Асанова Алматыда бақылаушылар тарапынан заң бұзушылықтар мен шағымдар анықталмағанын айтты.
«Учаскелік комиссиялар тарапынан шағымдар болған жоқ. Барлық түсінбеушіліктер түске дейін шешімін тапты», - деп толықтырды ол.
Журналистердің бірі сайлаушылардың QR кодты тексермей мобильді қосымшамен электронды куәлік арқылы дауыс беруге рұқсат етілуіне қатысты сұрақ қойды.
«Жалпы, бізде электронды куәлік қолданылады, бірақ бізде сайлау комиссияларының бәрі бізде оқытылған. Комиссиялардың бәрі электронды куәлікті сканерлеуді біледі. Қызметкерлер бір нәрсені білмейді не істей алмайды деуге болмас», - деді Жанна Асанова.
Ол сонымен бірге, мегаполисте мобильді ХҚКО-ры жоқ екенін айтты.
«Дауыс берушілерде сайлау комиссиясы тіркеуді қайдан алу керек деген сұраққа қатысты жөн сілтей алмауына байланысты қиындықтар туындаған. Егер ондай жағдайлар болса, сіздер хабарлаңыздар, біз әрекет ететін боламыз», - деп қорытындылады спикер.