Дулат Исабеков қазақстандықтарды сайлаудан қалыс қалмауға шақырды

10.11.2022 01:09
Almaty.tv

20 қараша кезектен тыс президентті сайлау күні. Жазушы, драматург, Қазақстанның Еңбек Ері Дулат Исабеков биыл сайлауға белсенді қатысатынын айтты.

«20 қараша кезектен тыс президентті сайлау күні. Қазақстан азаматы өзі таңдаған үміткерге дауыс береді. Бұл жолы белсенді түрде сайлауға қатысам деп ойлаймын. Сайлау учаскемнің нөмірі белгігі, хабарлап айтқан. Сайлауға бір адамдай қатысайық», – деді жазушы, драматург, Қазақстанның Еңбек Ері Дулат Исабеков.

Алматы қаласы әкімдігінің «Open Almaty» қоғамдық қабылдау сайтында және білім басқармасының мемлекеттік қызметтер порталында сайлаушылар тізімдерінен өзіңізді тексеруге мүмкіндік беретін сервис қолжетімді.


Теги: сайлау